Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

21 Ақпан, 09:06 444

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран, көрінудің шектелуі) екі облыстағы жолдар автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе Жетібай-Ақтау» 210-786 шақырымы, Атырау облысының шекарасы- Ақтау қаласы

«Жетібай-Жаңаөзен РТ шекарасы 0-58 шықырымы, Жетібай а.-Жаңаөзен қ.
«Ақтау-Құрық» 13-72 шықырымы, Ақтау қаласы-Құрық ауылы.

Атырау облысы

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-ШетпеЖетібай-Ақтау» 126-210 шықырымы, Құлсары қ. - Маңғыстау обл.

ТЖМ жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.

Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: