Еліміздің екі облысында қар жауатыны болжанып отыр

31 Наурыз, 09:48 687

Қазгидромет  31 наурызда екі облыста болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасап, қар жаууы мүмкін екенін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталмақ. 

Жауын-шашын күтіледі, түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде қар жауады. Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, - деп жазылған ақпаратта.

Еліміз бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болатынын күтіліп отыр. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: