Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді

11 Қаңтар 2023, 20:43 854

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті

11 қаңтар сағат 20.00-дегі ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа-райының нашарлауына байланысты (көрінудің нашарлауы, көшкіннің өздігінен түсу қаупі) республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысында:
- "Көкпек-Кеген-Түп" тасжолының Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейінгі және "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" күре жолының Байсейіт ауылынан Шонжы ауылына дейінгі аралықтарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінің өздігінен түсу қаупі орын алғандықтан
"Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов" тасжолында Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Автожолдарды қардан тазалау үшін 420 бірлік жол - пайдалану техникасы және 540-тан астам қызметкер жұмылдырылды.

EL.KZ
Бөлісу: