"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін еліміздің батысындағы Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіліп отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығынан туындауы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтималдығын болжанған.