Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1 Мамыр 2023, 21:40 842

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы

2 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстікте тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік- шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысы

2 мамырда Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: күндіз 2 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

2 мамырда Атырау облысының батысында найзағай, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

2 мамырда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

2 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

2 мамырда Абай облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Семей қ.: 2 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

2 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 2 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысы

2 мамырда Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 2 мамырда найзағай күтіледі. Күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Қарағанды облысы

2 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 2 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: