Еліміздің бірнеше облысында жеке үйлерде өрт оқиғасы тіркелді

22 Наурыз, 23:21 627
Бүгін еліміздің бірнеше қаласында жеке үйлерде өрт шығып, дер кезінде сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Оқыс оқиға мереке күні Астана мен Алматы қаласында, Қызылорда мен Қостанай облыстарында жеке тұрғын үйлерде тіркелген.
Сондай-ақ, Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында шатырдың жану оқиға орын алып отыр. 
Барлық жағдай бойынша пайда болған өрт ТЖД күштерімен жойылды. Ал оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Осы ретте ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қатаң түрде қаперге салады. 
Зарина Арман
Бөлісу: