Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

25 Тамыз, 19:40 334

Синоптиктер 26 тамызда еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктер 26 тамызда еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада кей уақыттарда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Синоптиктер 26-28 тамыз аралығында Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталатынын еске салады. Атырау қаласында да 26-28 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтауда да 26 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда да 26 тамызда тұман түседі деп күтіледі. 

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қонаев қаласында 26 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болмақ.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да жоғары өрт қаупі бар. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

26 тамызда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы күрт бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

 

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15- 20 м/с. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15- 20 м/с

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

26 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: