Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 Қаңтар, 19:00 855

«Қазгидромет» РМК бірнеше аймақта дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, 02 қаңтарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астана қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Көкшетау қаласында бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2-4 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-04 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 03-04 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 3-4 қаңтарда тұман күтіледі. 02 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

2 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. Атырау қаласында қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі.Қостанай: 02 қаңтарда түнде бұрасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.      

Петропавл қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Семей қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қаласында таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 25 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында түнде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с күтіледі.

Павлодар облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20,  облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: