Еліміздің аумағында 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

6 Қараша 2022, 11:07 2129

Алматыдан 99 км қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қараша күні Алматы уақытымен 8 сағат 49 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 99 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.1. MPV тербелісі – 3,9 Тереңдігі – 10 км.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: