Еліміздің 13 облысында қолайсыз ауа райы болжанады

9 Қыркүйек 2023, 07:29 582

Синоптиктер Қазақстанда 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Соған сәйкес еліміздің 13 облысында қолайсыз ауа райы болжанады. 

Жетісу облысының Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Көкшетауда күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.  Облыстың орталығында, оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда күндіз найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Түнде Қызылорда облысының орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанайда күндіз қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Павлодар облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, батысында нөсер болады деп болжанады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында бұршақ түсуі ықтимал. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Берік Арманов
Бөлісу: