Еліміздің 13 облысында күн суытады

13 Қыркүйек 2022, 21:17 1318

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді

14 қыркүйекке еліміздің 13 облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда күндіз найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

14 қыркүйекте Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, түнде облыстың солтүстік-батысында 2 градус аяз болуы ықтимал.

14 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз сақталады. Жезқазғанда 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.

14 қыркүйекте күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, түнде облыс орталығында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23 м/с өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте күндіз Қызылордада дауыл тұруы мүмкін. Шығыстан соққан жел екпіні күндіз 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады.

14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с.

14 қыркүйекте Абай ауданының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

14 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус аяз сақталады.

14 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстікте, солтүстікте және облыс орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстігінде 23 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтауда 14 қыркүйекте күндіз дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

14 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде түнде 2 градус аяз.

14 қыркүйекте Павлодар облысының батысында түнде және таңертең тұман. Облыстың шығысында түнде 3 градус аяз. Павлодарда 14 қыркүйекте түнде 3 градус аяз.

14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 3 градус аяз.

Бөлісу: