Елімізден Қытайға, Вьетнамға және Мысырға жаңа рейстер ашылады

Бүгiн, 16:07 176

Көлік министрлігі үш елге тікелей рейстер ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегінше, биылғы наурыз айынан бастап Air Astana әуе компаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.

Көктемгі-жазғы маусымынан бастап Air Cairo әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда, - делінген мәліметте.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: