Еліміздегі жоғары оқу орындарының 2023 жылғы рейтинг қорытындысы шығарылды

30 Қаңтар, 15:45 1598

«Атамекен» ҰКП Қазақстандағы жоғары оқу орындарының былтырғы жылғы рейтингісінің қорытындысына зерттеу жүргізді. Білім беру бағдарламалары бес блокқа біріктірілген 19 критерий бойынша бағаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев рейтинг әдістемесі жоғары оқу орындарымен, қоғамдық қызмет сарапшыларымен ашық талқылау нәтижесінде қабылданғанын айтады.

Рейтинг - белгілі бір ЖОО-да білім беру бағдарламаларын аяқтау қорытындысы бойынша олардың алдында қандай мансаптық перспективалар ашылатынын бірден түсінетін білім алушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің қанағаттануы 67,5% құрады. Білім беру бағдарламаларының 91%-ы жұмыс берушілермен келісілген және тәжірибе мамандары оқу процесіне тартылады. Ол үшін министрлік қажетті жағдайлар жасап, нормативтік құжаттарға тиісті өзгерістер енгізді, - деді комитет төрағасы.

Әділет Тойбаевтың сөзінше, білім беру бағдарламаларының 94%-ы танылған аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтті. Бұл да олардың сапасын арттыруды растайды. Жұмыспен қамтудың орташа пайызы өсіп, 82,8% құрады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: