Еліміздегі жаңа өнімнің 7,5 млн тоннасы экспортталды

Бүгiн, 00:39 344

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 2025 жылдың 27 сәуіріне дейін жаңа астық өнімінің экспорты 7,5 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2023/2024 ауыл шаруашылығы жылының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ дерегінше, қазақстандық астықты Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізу көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.

Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 29,7%-ға артып, 2,0 млн тоннадан 2,7 млн тоннаға дейін, Тәжікстанға — 50%-ға, 718 мың тоннадан 1 076 мың тоннаға дейін, Ауғанстанға — 33,8%-ға, 201 мың тоннадан 269 мың тоннаға дейін, Қырғызстанға — 2 есеге, 88 мың тоннадан 178 мың тоннаға дейін өсті, - делінген ведомство мәліметінде.

Иранға экспорт көлемі 16 есеге өсіп, 54 мың тоннадан 871 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға — 111 есеге, 5 мың тоннадан 557 мың тоннаға дейін артты.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: