Еліміздегі қариялар саны анықталды

30 Қыркүйек 2023, 17:21 666

Елімізде биылғы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды құрап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған дерек еліміздегі жалпы халық санының 13,2 пайызын құрайды.   

Оның ішінде:

Ерлер – 1 031 051 адам (39,4%)

Әйелдер – 1 585 064 адам (60,6%)

Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласы – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.

2022 жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құрады.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% өссе, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7% артқан көрінеді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: