Еліміздегі көліктердің 50 пайызға жуығы тозған

13 Тамыз 2022, 07:28 1547

2022 жылғы маусымда Қазақстанда 95 801 жеңіл көлік есепке қойылды.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде тіркелген көліктердің 48,9 пайызы 20 жыл бұрын шығарылған, деп хабарлайды El.kz.

Аталған органның дерегінше, қазақстандықтардың тек 6,8 пайызы шығарылған мерзімі 3-7 жыл аралығындағы көліктерді мінеді.

«2022 жылғы маусымда Қазақстанда 95 801 жеңіл көлік есепке қойылды. Бұл – былтырғымен салыстырғанда 6,5 пайызға аз. Жалпы, ел бойынша 3 млн 907,2 мың көлік бар. Жеңіл автомобильдер Алматы облысында көп. Онда 501,5 мың көлік тіркелген. Одан кейін тізімде Алматы (463,7 мың көлік) және Нұр-Сұлтан (285,4 көлік) қалалары тұр. Ал, жеңіл автомобильдер ең аз өңір – Қызылорда облысы. Аталған аймақта 97,3 мың көлік тіркеуге алынған», - деп мәлім етті Ұлттық статистика бюросы.

Елімізде тіркеуге қойылған теміртұлпарлардың 86,7 пайызы бензинмен жүрсе, аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 9,1 пайыз.


EL.KZ
Бөлісу: