Еліміздегі екі ірі су электр станциясы «Самұрық-Қазына» қорына өтті

28 Сәуір 2023, 17:40 1240

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры еліміздің шығысындағы екі ірі су электр станциясының толыққанды иесі атанды.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, «Шүлбі» және «Өскемен» су электр станциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына өтті.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС және «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС-не 100% иелік етеді, - делінген мәліметте.

Аталған су электр станциялары «Самұрық-Қазына» иелігіне өтетіндігі жылдың басында белгілі болған.

«Шүлбі» СЭС Ертіс өзенінің орта ағынында, Семей қаласынан 70 шақырым жерде орналасса, «Өскемен» СЭС  Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай Ертіс бойында орналасқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: