2024 жылдың 15 тамызынан бастап еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, айлықтың мақсаты өрт санын азайтуға және олардағы адамдардың қаза болуына, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті осы бағытта ауқымды көпжоспарлы жұмыс жүргізуде.
Мәселен, еліміздің барлық өңірлерінде 2024 жылғы 25 тамыз күні сағат 13:00-ден бастап 14:00 аралығында адамдардың жаппай жиналатын орындарында – ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, павильондарда, «Мечта», «Технодом» тұрмыстық техника дүкендерінде және т.б., LED экрандар мен дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолданумен оқыту бейнероликтер және аудионы бір мезгілде тарата отырып өрт қауіпсіздігінің бірыңғай сағаты өткізілді, - делінген мәліметте.
Бұл акция өрттердің алдын алуға, адам өлімінің алдын алуға және жарақаттануға, халықтың өрт қауіпсіздігі саласында құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.