Қазақстанда тамыз айында қант қорын тұтыну артады

26 Шілде 2022, 12:16 1586

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы айтты

Елімізде тамыз айында қант қорын тұтыну артады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы айтты, – деп хабарлайды El.kz.

– Шілде айның басында республикадағы қант қоры 28 мың тонна құраса, айдың соңына дейін 37 мың тоннаға дейін қант өндіріледі деп жоспарланып отыр. Квота шеңберінде импорт көлемі 33,3 мың тоннаны құрайды. Осылайша, ішкі нарықтағы қанттың жалпы қоры 98,1мың тоннаны құрап отыр. Шілде айында құрақтан қант өндіру көлемін сараласақ, елімізде қант қоры жеткілікті деңгейде қамтылған, - деді Ербол Шырақпайұлы.

Тамыз айындағы қант теңгерімінің болжамды қажеттіліктері туралы атап өтті.

– Тамызда қант тұтыну 69,8 пайызға артады деп болжанып отыр. Бұл тұтынудың ең жоғарғы көлемі. Тамыз айының басында республика бойынша қанттың қоры 35 мың тонна деп жоспарланып отыр. Қант импорты 42,2 тонна деңгейіне дейін қарастырылған. Ал, тамыз айының аяғына дейін қанттың қорын 118 мың тоннаны құрауы мүмкін. Нарықтың қамтамасыз етілу деңгейі 169 пайыз. Сондықтан шілде және тамыз айында өз-өзімізді қамтамасыз етуге қанттың қоры жеткілікті, –деді Ербол Шырақпайұлы .


Миражан Махан
Бөлісу: