Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

29 Маусым 2022, 18:46 1303

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды El.kz.

– Республика және барлық аймақтар 3 наурыздан бастап эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес жасыл аймақта орналасқан. Қазіргі уақытта тәуліктік сырқаттанушылықтың көбеюіне қарамастан шектеу шаралары енгізілмейді. Шектеу шараларын енгізу денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме болған кезде қарастырылады. Шектеу шаралары жоспарлы медициналық көмек көрсету қызметінің жұмысына қиыншылық келтірмеу мақсатында енгізіледі, - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.   

Оның айтуынша, қазіргі кезде республикада 18 мыңнан астам инфекциялық төсек орындар бар, қосымша резервте 22 мыңнан астам төсек орындар қарастырылған. Бөлінген төсек орындарының шамадан тыс жүктелуі тіркелген кезде тиісті шектеу шаралы енгізіледі.

– Соңғы 24 сағатта Нұр-Сұлтанда 56 адам, Алматыда 29 адам вирус жұқтырды. Олардың жағдайы орташа. Дегенмен, еліміздің барлық аймағы жасыл түсті статуста қала береді. Қауіп төнетіндей мәселе жоқ, - деді Бас санитар.


Миражан Махан
Бөлісу: