Елімізде жыл басынан бері 13 жаңа балабақша ашылды

18 Ақпан, 14:12 615

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері еліміздің аймақтарында 1500 орынға арналған 13 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, жыл соңына дейін жаңа балабақшалар ашу және оның желісін кеңейту арқылы 77 мыңға жуық орынға дейін жеткізу жоспарлануда.

Айта кетсек, бүгінгі таңда елімізде барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: