Елімізде жұмыртқа бағасы тұрақтандырылады

4 Желтоқсан 2023, 17:25 1163

Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша Қазақстан құс өсірушілер одағымен және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СИМ мәліметінше, бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін болады.

Жасалған меморандум аясында одақ пен қауымдастық отандық құс фабрикаларымен бірлесе отырып 1-санаттағы жұмыртқалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына мереке қарсаңында бағаның күрт және негізсіз өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. 

Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі кәсіпорындарындағы сауда үстемесінің сақталу мәніне күнделікті баға мониторингін жүргізетін болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: