Елімізде жарты сағат ішінде 2 бала терезеден құлап кетті

9 Мамыр, 07:22 871

Бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түсті. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.

Екінші жағдай Семей қаласында орын алды, онда 3 жасар қыз бала 2 қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.

ТЖМ еске салады:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Зарина Арман
Бөлісу: