Қазақстанда Азаматтық авиация күні бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ИИДМ «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жобаны ұсынды.
Аталған жобаға сәйкес Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында «Мерекелік күндердің тізбесіне жаңа атаулы күн – «1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация» күні қосылады, - деп жазылған.
Құжат 11 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.