Елімізде жалғызбасты әкелер мен аналардың саны қанша

27 Қараша 2023, 10:40 1203

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ерлер мен әйелдер туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы - балалары бар әкелер отбасы.

Мұнда әкелер мен аналардың - жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.санаты ескерілгені айтылды.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: