Қазақстанның кей қалаларында баспананы жалға беру бағасы төмендей бастаған, деп хабарлайды El.kz.
Кейінгі аптада бағаның төмендеуі Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал және Астана қалаларында байқалған.
Krisha.kz сарапшылары кейінгі аптадағы, яғни 5-12 қазандағы баға мониторингі деректерін ұсынды. Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін алғашқы апталарда жалға беру бағасы өскен қалаларда жалдау ақысы төмендей бастады.