Елімізде үсік жүреді

7 Мамыр, 13:43 974

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ күтіледі.

Тек еліміздің батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстік-батыста, шығыста – тұман, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

7-13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру ықтималдығына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: