Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттауы мүмкін

2 Желтоқсан, 17:39 372

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдауда. Нұрлан Байбазаров ұлттық валютаның бағамының түзетілуі тек сыртқы фундаменталды факторлардың ықпалынан туындаған құбылыс екенін атап өтті.

Тұрғын үй нарығында баға өзгеруі мүмкін, себебі импортталатын құрылыс материалдарының бағасы өседі,- деді министр.

Байбазаров бағаның өсуі әлеуметтік тұрғын үй бағасына әсер етпейтінін, онда шаршы метр үшін шекті бағаны мемлекет реттейтінін атап өтті.

Диана Орынбасар
Бөлісу: