Елімізде енді темекі мен алкоголь сатып алуға шектеуі бар банк карталары пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ 2025 жылдың екінші жартысында жеке және заңды тұлғаларға арналған өнімдер қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Жаңа өнімдердің бірі – шариғат қағидалары мен талаптарына сай төлем картасын енгізу. Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа төлем картасы белгілі бір санаттар бойынша төлемдерді шектемек.
Атап айтқанда, бұл карта арқылы темекі және алкоголь өнімдерін сататын дүкендерде, казиноларда, букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ бейнеойындарға төлемдер жасау шектелетін болады, - делінген мәліметте.