Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр

21 Сәуір, 15:45 730

Елімізде тарихи-мәдени нысандарды тазалауға және абаттандыруға бағытталған «Киелі мекен» апталығы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеті күн ішінде 717 тарихи-мәдени ескерткішке тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «Отырар» мұражайы, «Бұланты шайқасы» тарихи-мәдени орны, «Тамғалы тас» археологиялық кешені және т. б. нысандарға тазалық жүргізілді.

Жамбыл облысының тарихи-мәдени нысандарын тазалау кезінде еріктілер қола дәуірінің петроглифтерін тапты. Сондай-ақ Астана қаласында жас жұбайлар алаңы ашылды. Ал Алматы облысында Орталық саябақта бір рет қолданылатын ыдыстардан фотоаймақ, пластикалық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін балық инсталляциясы құрылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-20 сәуір аралығында өңірлерде 770 мың адамды қамтитын 3,7 мыңнан астам іс-шара өтті.  

22-27 сәуір аралығында аумақтарды көгалдандыруға, гүлдер, көшеттер отырғызуға, ағаштарды ақтауға бағытталған «Жасыл аймақ» апталығы өтеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: