Елімізде танымал «31» медиахолдингінің иесі ауысты

2 Қазан, 17:04 485

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры «31» медиахолдингті сатып алды. Холдинг құрамына «31 арна» телерадиокомпаниясы мен Informburo.kz ақпарат порталы кіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Верный Капитал» «Әділдік және Өркендеу» қорымен «31» медиахолдинг бойынша келісім жасады. Осылайша Қазақстанда алғаш рет ҮЕҰ – «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры медиактив иесі болды «Верный Капитал» – Қазақстандағы тікелей инвестицияларға маманданған ірі топтардың бірі.

Біздің тәжірибелі менеджерлеріміздің командасы өз салаларының көшбасшылары болып табылатын стратегиялық серіктестермен бірлесе отырып, активтерді елімізде және шетелде дамытады. 2023 жылы «31» медиахолдинг құрамынан осы жобада серіктесіміз болған «СТС Медиа» компаниясы шыққаннан кейін біз осы активті сатып алып, оның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алатын ұйымды іздедік. Біз басшылығында тәжірибелі медиаменеджерлері бар «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорымен келісім жасасқанымызға қуаныштымыз. Телеарна мен ақпараттық портал үшін жаңа өсу кезеңі басталатынына менің күмәнім жоқ, – деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Айдан Ақанов.

Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының миссиясы - жұмысшылардың құқықтарын қорғау, ағарту, қатардағы қазақстандықтарды қолдау, азаматтық қоғамның рөлін арттыру.

Біздің жақтастарымыз – Қазақстанның елімізді жақсы жаққа өзгертуге дайын белсенді тұрғындары. «31» медиахолдингті біз өз құндылықтарымыз негізінде адамдарды біріктірудің қосымша мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Мен өзім көптеген жылдар бойы «31 арнада» жұмыс істедім және оны одан әрі дамыту үшін барлық білімім мен тәжірибемді қолдануға дайынмын. Біз «31 арна» аудиториясын бағалаймыз, оны миллиондаған қазақстандықтар жақсы көреді және тамашалайды. Біздің мақсатымыз – оны одан әрі танымал, қызықты және сұранысқа ие ету. Телеарнаның дамуы демократияландыру, ашықтық және кәсібилік қағидаттарында жалғасады, – деп түсіндірді «Әділет және Өркендеу» қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: