Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін азаматтарға талапты күшейтетін құжатты бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комитет мәліметінше, құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Стандартты сауда комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген.
Осы стандартты қолданудан қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігі қамтамасыз етіледі. Тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейі артады. Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді, - деп атап өтті техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.
Мысалы, стандартқа сәйкес курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы тиіс. Олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге, сондай-ақ жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс.
Тамақты тұтынушыларға жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымды анықтау үшін тапсырыстағы өнімді тексеру мүмкіндігі берілуы керек. Қабылданған стандарт мейрамханалардың, кафелердің, логистикалық компаниялардың және курьерлердің тамақ жеткізу қызметінің сапасын арттыруға арналған.