Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін

Кеше, 14:33 419

Қазақстанда бірнеше автомобиль жолы учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Интернеттегі Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобаларына сәйкес, мына жол учаскелерін ақылы ету ұсынылып отыр:

Балқаш – Бурылбайтал;
Ақтау – Бейнеу;
Қандыағаш – Мақат;
Қостанай – Денисовка;
Тараз қаласын айналып өтетін жол;
Үшарал – Достық;
Шу – Бурылбайтал.
Бұл жобалар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған және 2025 жылдың 4 ақпанына дейін талқылауға қатысуға болады.

Министрлік өкілдері бұл өзгерістердің жолдардың сапасын жақсартуға және олардың тұрақты күтіміне бағытталғанын атап өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: