Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

24 Мамыр 2023, 10:29 612

Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, олар 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам қаражат тартқан.

Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: