Елімізде тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагоны іске қосылады

Бүгiн, 11:44 186

1 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал-Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Компания мәліметінше, «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:

 №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;

№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;

№45/46 «Павлодар – Түркістан»;

№37/38 «Маңғыстау – Семей»;

№47/48 «Атырау – Астана»;

№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;

№4/3 «Астана – Алматы»;

№71/72 «Астана – Шымкент»;

№354/353 «Астана – Семей»;

№24/23 «Ақтөбе – Алматы»;

№25/26 «Алматы – Шымкент»;

№614/613 «Орал – Маңғыстау».

Айта кетейік, әйелдер вагонында қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар бұл вагонда 7 жасқа дейінгі ұл балалар бірге жүруіне рұқсат берілген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: