Елімізде су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1200-ден асады – ТЖМ

14 Ақпан, 17:38 535

ТЖМ су тасқынын жою бойынша іс-қимылдар алгоритмін пысықтады, деп хабарлайды El.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсет Жылқайдаров «бүгінгі таңда ел бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1223 құрайды» деп отыр.

Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды. 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль мен темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді, - деп түсіндірді ТЖМ өкілі.

Оның айтуынша, зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайын. Броньнан шығарылған жағдайда, тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалады.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: