Елімізде смартфонмен қызмет көрсету деңгейі 17,5% өсті - Мусин

13 Қыркүйек 2022, 11:25 1088

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр

Бір жылда елімізде смартфондар арқылы қызмет көрсету деңгейі 17,5 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қазіргі кезде ең сұранысқа ие қызметтерді смартфон арқылы алуға болады. Өткен жылмен салыстырсақ, оларды қолдану 17,5 % өсті.

Сервистердің Халық және Каспий сияқты танымал платформаларда болуы аталған көрсеткішке оң әсерін тигізді. Сондай-ақ 9 мемлекеттік қызмет түрін халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, бейне-қызмет арқылы алу мүмкіндігін іске асырдық. Жыл соңына дейін олардың санын 44-ке дейін жеткіземіз», - деді Б. Мусин.

Оның айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр.

«Қазірдің өзінде 8 жаңа фронт-кеңсе халыққа қызмет көрсетіп отыр. 2024 жылға дейін 115 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылады», - деді министр.

Бөлісу: