Елімізде сирек кездесетін өсімдіктер гүлдей бастады

Бүгiн, 05:19 235

Қазақстанда көктемнің келуімен Қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер гүлдейді. Олардың ішінде ерекше сәндік және дәрілік қасиеттерге ие өсімдіктер Алатау бәйшешегі мен Кессельринг лапызы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ақпаратына сйүенсек, сирек гүлдер Қаратау ұлттық паркінде гүлдеді.

Бұл өсімдіктер табиғаттың көркін ашады, алайда олардың саны жыл сайын азайып келеді. Ғылым мен экология үшін маңызы зор бұл түрлерді сақтау – болашақ ұрпаққа аманат. Мамандар олардың табиғи мекендеу ортасын қорғауға және заңсыз жинамауға шақырады,-делінген комитет мәліметінде. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: