Елімізде қымыз өндірісі 9,2%-ға төмендеген

5 Қаңтар 2023, 13:48 1846

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

Қазақстанда қымыз өндірісі қысқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 9,2%-ға төмендеген. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында 1 520 тонна қымыз өндірілді, ал 2021 жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 154 тоннаға артық болған.

Бұл ретте шұбат өндірісі 7,8%-ға артты. Мәселен, өткен жылдың 11 айында түйе сүтін өндірушілер 2 644 тонна шұбат алды – бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 191 тоннаға артық.

EL.KZ
Бөлісу: