Елімізде қоқысты кез келген жерге тастайтындар жазаланады

22 Ақпан 2023, 17:26 1551

Енді қазақстандықтар қоқысты кез келген жерге тастаса қоғамдық жұмыстарға тартылады. Заң бойынша мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана тартылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы "Ашық НҚА" сайтында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, егер адам ұсақ бұзақылық жасаса немесе қоқыстарды дұрыс емес жерге тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болады.

“Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың төлем қабілетсіздігі орын алуда. Осылайша, қоғамдық жұмыстарды қолдану құқық бұзушыға, әсіресе, қоғамдық тәртіпті бұзуға қол сұққан адамдарға қатысты жақсы тәрбиелік және алдын алу әдісі болмақ", - делінген құжатта.

EL.KZ
Бөлісу: