Елімізде "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы әзірленді

1 Ақпан 2023, 20:06 2264

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлім етті

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қолжетімді Интернет" атты байланыс саласындағы пилоттық жоба әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы пилоттық ұлттық жобаның мақсаты - халық пен бизнесті Интернет желісіне жоғары жылдамдықты (≥100 Мбит/с) қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Жобаны 2023-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.

Жобада бірнеше міндет көзделген:

  • Сымды байланыс инфрақұрылымын дамыту
  • Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту
  • Сапаны бақылау және қауіпсіздік
  • Транзиттік әлеуетті ұлғайту және өңірлік хаб құру
  • Мемлекеттік қолдау шаралары

Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен және бюджеттен тыс қаражаттан 2023-2027 жылдар кезеңінде 1 114 726 105 мың теңге бөлу көзделген.

EL.KZ
Бөлісу: