Елімізде қоғамдық тамақтану орындарының саны артқан

12 Шілде, 01:35 592

Елімізде қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, былтыр Қазақстанла 15 826 тамақтану орны тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,5% артық (15 146), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы мейрамханалар санының өсуі ерекше байқалған. Былтыр олардың саны 2 303 болса, 2022 жылы 2106  болған. Асханалар саны да 4 752-ден 5 383-ге дейін өскен.

Мейрамханалар мен асханалар санының өсуі аясында кафелер саны кері динамиканы көрсеткен. 2022 жылғы 5 016-дан 2023 жылы 4 479-ге дейін қысқарған.

Өңірлер бөлінісінде мейрамханалардың ең көп саны Астана (400), Алматы (351) қалалары мен Түркістан облысында (213). Кафелер – Алматы (508), Астана (385) қалаларында және Қарағанды облысында (464) көп.

2023 жылы қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгені құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11,9% артық.

Перизат Саденова
Бөлісу: