Елімізде қазақ баспасөзінің күні белгіленді

27 Маусым 2023, 17:48 1564

2 ақпан - Қазақ баспасөзінің күні болып белгіленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» көрмесінің ашылу салтанатында айтты. Бұл туралы Egemen.kz газетіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сүйінші бір жаңалығымызды айтқым келіп отыр. Біз қыс мезгілінде «Қазақ» газетінің дүниеге келген 2 ақпан күнін Қазақ баспасөзінің күні деп жариялау туралы бастама көтерген едік. Сол ұсыныс қабылданды. Журналистер күні аясында жариялануы керек. Бұдан былай 2 ақпан – Қазақ баспасөзінің күні болады. Біздің жүріп өткен жолымыз бізді болашаққа апаратын жол, - деді Дархан Қыдырәлі.

EL.KZ
Бөлісу: