Елімізде қай саланың мамандары тапшы екені белгілі болды

14 Желтоқсан 2022, 02:35 1001

Олардың қатарында ең алдымен инженер мамандығы тұр

Елімізде қай саланың мамандары тапшы екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, елде бірінші кезекте инженерлер жетіспейді.

Көбінесе бізге өнеркәсіп өнімдерін өңдейтін жоғары дәлдіктегі мамандар – инженерлер қажет. Сондай-ақ медицина саласының мамандары, өнеркәсіпте жаңа технологияларды қолдану үшін ұжымды оқытатын мұғалімдер, сонымен қатар өнеркәсіп мамандары қажет, - деді Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Спанов.

Бұған дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қысқартылғаны туралы айтылған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: