Елімізде қашан жауын-шашын тоқтап, күн ысиды?

17 Сәуір, 15:14 1940

Синоптиктер қашан елімізде күн ыситынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады және жауын-шашынның тоқтауы, күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. 

Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын көрсетеді, ал күндіз батыста, оңтүстікте температура 25-30 градус жылынады, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус жылынады, оңтүстік-шығыста 23-29 градусқа дейін айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: