Елімізде қанша әйел адам өлтіргені үшін сотталған

20 Мамыр, 11:54 476

Құқықтық статистиканың 2024 жылғы наурыздағы мәліметі бойынша, қылмыс жасап, сотталғандардың жалпы саны - 7020 адам. Олардың ішінде әйелдер саны - 809, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

99-бап бойынша айыпталған әйелдер саны – 7.

99-бап бойынша айыпталған ер адамдар саны - 112. Бұл осы бап бойынша сотталған әйелдер санынан 16 есе көп. 

Құқықтық статистиканың 2023 жылғы наурыздағы мәліметі бойынша, қылмыс жасап, сотталғандардың жалпы саны - 7522 адам. Олардың ішінде әйелдер саны - 843. 99-бап бойынша айыпталған әйелдер саны - 10.

99-бап бойынша айыпталған ер адамдар саны - 124. Бұл осы бап бойынша сотталған әйелдер санынан 12 есе көп. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: