Елімізде қанша адам өлім жазасына кесілгені белгілі болды

29 Желтоқсан 2023, 13:15 1082

Бас прокуратура 2023 жылғы үкімдер туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2023 жылдың 9 айында Қазақстан соттары 242 адамды ақтап, 9 адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген (заңды күшіне енген үкімдер негізінде).

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған 9 адам: Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша, адам өлтіру – 5 адам, ҚК-нің 120-бабы бойынша, зорлау – 1 адам, ҚК-нің 121-бабы бойынша, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін – 3 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Сотталғандар туралы қолда бар мәліметтерге сәйкес, 1994 жылдан бері заңды күшіне енген үкімдер бойынша 73 адам өлім жазасына кесілген, - делінген жауапта.

Еске салайық, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен тоқтатылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: