Елімізде отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды

28 Ақпан 2023, 20:59 833

Бүгін әлеуметтік желілерде белгілі тауарға сертификатты жылдам алуға «көмектесетін» қызмет туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитеті әлеуметтік желілерден сертификатсыз өнімді сатып алмауды ескертті.

Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.

«Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай «делдалдық» қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға «Жарнама туралы» заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді», - деді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Мұндай сайттар әдетте ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін «сертификаттарды» жарнамалайды.

EL.KZ
Бөлісу: