Елімізде отасқандарына 50 жыл толған ерлі-зайыптыларға құрмет көрсетілуде

17 Наурыз, 14:15 1130

17 наурыз – Шаңырақ күні. Бүгін Наурыз мейрамы онкүндігінің төртінші күні. Осыған орай елімізде 55 жыл отасқан шаңырақ иелеріне құрмет көрсетілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бүгінде барлық өңірде 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылуда. 

Мәселен, Астанадағы «Бәйтерек» монументі залында жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі, үлгілі жұптарды алтын тойларымен құттықтау рәсімі өтті.

Шара ұйымдастырушылары – Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Астана қалалық филиалы.

Жас жұбайларға неке куәліктері табыс етіліп, 55 жыл отасқан ерлі-зайыптылар аты-жөндері мерейтойлар кітабына енгізілді.

(Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі)

Айта кету керек, бүгінде еліміздің барлық елді мекендерінде 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» отбасыларына құрмет көрсету шаралары өтіп жатыр. Сонымен қатар отбасылық өмірге дайындықты қалыптастыру және студенттер арасында жауапкершілікті арттыру мақсатында оқу орындарында «Қара шаңырағым – алтын бесігім», «Өнегелі отбасы – елдің тірегі» тақырыптарында кездесулер өткізілуде. Бұдан өзге «Шаңырақ» күні дүниеге келген нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтары тарту етілуде.

Сондай-ақ бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде естелік сыйлықтар мен ұлттық тәттілер ұсынылатын түрлі танымдық, шығармашылық, спорттық шаралар өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: