Елімізде намаз уақыты өзгерді

27 Ақпан, 17:27 1706

ҚМДБ намаз уақытының өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-сағаттық белдеуде орналасады.

ҚМДБ Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыты да автоматты түрде өзгеретінін алға тартты.

Сурет: muftyat.kz

Мадина Асылбекова
Бөлісу: